Бір әйел көршісінің телефонын ұрлап қана қоймай, онымен несие де рәсімдеген

17:45, 14 маусым 2021

© Сурет: polisia.kz

Көршісінің телефонын ұрлап, 300 мың теңгеге несие рәсімдеген қызылордалық әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны жүгініп, ас бөлмесінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кетіп, ондағы банк қосымшасы арқылы құны 300 мың теңге болатын затқа несие рәсімдеп алғанына шағымданған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзінің көршісі болып шықты. Оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!