Билли Джин Кинг кубогінде қазақстандық жасөспірім қыздар соңғы матчта жеңісті жұлып алды
© Сурет: ktf.kz
Шымкентте 16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы командалық әлем чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі – Junior Billie Jean King Cup (Азия/Мұхит жағалауы аймағы) мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің соңғы күні Қазақстан құрамасы Үндістаннан келген тұстастарын тартысты матчта жеңіп, қорытынды жетінші орынға тұрақтады.
Жетінші орын үшін болған кездесу нағыз триллерге айналды:
- Алғашқы жекелей сында Тамина Сәкен Анандита Упадхайды еш қиындықсыз қапы қалдырды – 6:2, 6:2.
- Екінші бәсекеде Каролина Лигай дәл сондай есеппен Дженси Дипакбхай Канабарға есе жіберді – 2:6, 2:6.
- Текетірестің тағдыры жұптық сында шешілді. Мариям Нұржан мен Тамина Сәкен дуэті Дипакбхай Канабар / Упадхай жұбына қарсы тұрды. Бірінші сетте (3:6) ұтылған отандастарымыз екінші партияда ширығып, таразы басын теңестірді (6:4). Ал шешуші супер-тайбрейкте мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алды – 10:6.
Қазақстан құрамасының турнирдегі жолы
Шымкенттегі аймақтық іріктеу кезеңінде 16 мықты команда бақ сынады. Топтық кезеңнің стартында қыздарымыз фаворит Жапонияға (0:3) есе жібергенімен, кейін Гонконг (2:1) пен Таиландтан (2:0) реванш алды.
Квартеттен екінші орынмен плей-оффқа шыққан Қазақстан құрамасы ширек финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Ал 5–8 орындар үшін болған алғашқы жұбаныш матчында Қытайға (1:2) тартысты ойында жол берді. Осылайша, Үндістанды қапы қалдырған қыздарымыз өз кортындағы турнирді жетінші орынмен қорытындылады.
Әлем чемпионатына кімдер жолдама алды?
Шымкент корттарында бұл күндері жүлделі орындар мен чемпиондық атақ та сарапқа салынды:
Алтын үшін болған финалдық бәсекеде Япония құрамасы өздерінің басты қарсыласы Оңтүстік Кореяны айқын басымдықпен ұтты – 2:0.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде Тайбэй ұжымы тартысты өткен бәсекеде Австралияны тізе бүктірді – 2:1.
Дәл осы үздік төрттік әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Дүниежүзілік дода осы жылдың қараша айына жоспарланған, ал турнирдің өтетін орны кейінірек анықталады.
Командалардың қорытынды кестесі (Үздік-8):
- Жапония
- Оңтүстік Корея
- Тайбэй
- Аустралия
- Қытай
- Өзбекстан
- Қазақстан
- Үндістан
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:31, 17 мамыр 2026
Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтап жатыр
-
11:02, 17 мамыр 2026
Қазақстанда кішкентай киіктерге GPS-датчиктер орнатылып жатыр
-
10:40, 17 мамыр 2026
Шымкенттегі уақытша ұстау изоляторында 23 жастағы қыз көз жұмды
-
10:00, 17 мамыр 2026
Маңғыстау облысында төтенше жағдай: сарай едені опырылып, адамдар жертөлеге құлап кеткен
-
09:33, 17 мамыр 2026
Қазақстан халқы Құрбан айтта қанша күн демалады





