Білім министрлігі өз бөлімшелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексереді

09:54, 28 мамыр 2026

© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева

Білім беру министрі 2026 жылғы 6 мамырдағы бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің қызметінде 2026 жылға арналған ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жоспарланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, 2025 жылғы қызмет бойынша келесі бөлімшелер тексеріледі:

  • Балалардың құқықтарын қорғау комитеті – 2026 жылғы 11–22 мамыр аралығы;
  • Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті – 2026 жылғы 25 мамыр – 8 маусым аралығы;
  • Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті – 2026 жылғы 9–22 маусым аралығы.

Министрлік жанындағы жұмыс тобының құрамына мыналар енгізілген:

  • Жолманов Айдос Сағатұлы – Білім министрлігі аппаратының басшысы;
  • Мұрат Талғатұлы – Білім министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі;
  • Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы – Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басқарма басшысы;
  • Тлеужанов Ұлан Жасұланұлы – мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының басшысы;
  • Широв Ерлан Алтынбекұлы – кадрларды дамыту және тәртіптік іс жүргізу басқармасының басшысы;
  • Акишева Марияш Серікқызы – Заң департаментінің талап-арыз және сот істері басқармасының басшысы;
  • Жукенова Бағлан Берденқызы – білім беру сапасын қамтамасыз ету комитетінің басқарма бас сарапшысы;
  • Шахидулла Датбек Маратұлы – орта білім беру комитетінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша бас сарапшысы;
  • Қадырбаева Жания Серікқызы – инклюзивті білім беру басқармасының бас сарапшысы;
  • Темірғалиева Айнұр Ермекқызы – қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алулар басқармасының бас сарапшысы;
  • Еділбаева Динара Маратқызы – инвестициялық саясат және инфрақұрылымдық даму департаментінің инвестициялық жобалар басқармасының бас сарапшысы;
  • Қамзабек Сандуғаш Батырханқызы – азаматтар өтініштерін есепке алу және талдау басқармасының бас сарапшысы;
  • Боканова Гүлдана Әлімжанқызы – заң департаментінің талап-арыз және сот істері басқармасының бас сарапшысы.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!