Павлодар облысында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

12:23, 27 мамыр 2026

© Фото: zakon.kz

Павлодар облысында Ан-2 жеңіл ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған экипаждың екі мүшесінің бірі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін таңертең, 2026 жылдың 27 мамырында Железинка ауылының маңында ұшақ апатқа ұшырады. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ан-2 авиациялық-химиялық жұмыстарды атқару үшін көкке көтерілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, борт электр желілерін зақымдаған.


"Бортта екі экипаж мүшесі болған. Ұшқыштың бірі қаза тапты, екіншісін құтқарушылар ұшақ ішінен алып шықты, ол есін біледі".

Қазіргі уақытта оқыс оқиға орнында ТЖД қызметкерлері, ҚР Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді Тергеу департаментінің дәрігерлері мен мамандары жұмыс істеуде.

Сонымен қатар Көлік министрлігі Ан-2 ұшағын "Жеңіл және ультра жеңіл авиация пайдаланушылары" ЗТБ (ЭЛИС) пайдаланғанын да нақтылай кетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!