Білім, ғылым, инновация: Тоқаев Қазақстанның стратегиялық бағытын атады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында жаңа Конституцияда білім, ғылым және адам капиталын дамытуға ерекше мән берілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент биылғы Тамыз конференциясы елдегі ауқымды өзгерістер кезеңімен тұспа-тұс келгеніне назар аударды.
"Биылғы Тамыз конференциясы еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңіне тұспа-тұс келді. Бәріміз бір ел болып, түбегейлі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум нәтижесінде жаңа Халық Конституциясы қабылданғанын атап өтті. Оның айтуынша, тұтас қоғам қолдаған Ата заң 1 шілдеде күшіне енді.
"Бұл – еліміз үшін маңызы ерекше тарихи оқиға. Бас құжатта тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды", – деді Президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін Тамыз конференциясында мықты мұғалім сапалы ұлттың тірегі екенін айтып, ұстаздардың бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудағы рөліне тоқталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:55, 26 тамыз 2026
Тоқаев Үкіметке фаст-фуд жарнамасына қатысты мәселені мұқият зерделеуді тапсырды
-
14:54, 26 тамыз 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз – жеңімпаз халықпыз
-
14:54, 26 тамыз 2026
Президент білім саласындағы реформалар мұғалімдерді шаршатпауы керектігін айтты
-
14:47, 26 тамыз 2026
Қазақстанда 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін
-
14:43, 26 тамыз 2026
«Ұлттық қор – балаларға»: Тоқаев үш жылда қанша қаражат аударылғанын айтты





