Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: спринтте кімдер бақ сынайды

17:20, 8 қаңтар 2026

© Сурет: olympic.kz

8 қаңтарда Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде спринт сайысы өтеді.

Ерлер арасында Қазақстан атынан Александр Мухин, Владислав Киреев және Әсет Дүйсенов жарыс жолына шығады. Басталуы – Астана уақытымен сағат 15:30.

Ал әйелдер арасында Дарья Климина, Айша Ракишева және Полина Егорова сынға түседі. Әйелдер спринті Астана уақытымен 18:15-те басталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!