Бердібек Сапарбаев: Жерге түсіңдер, көбіміз аспанда жүреміз
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев дәрі-дәрмек бағасын бақылаудың қарапайым әдісін ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті жылды қорытындылады. Биыл дәрі-дәрмек бағасы реттеледі, яғни, тексерулер жүреді. Қазір дайындық жүріп жатыр. Заң күшіне енген соң барлық дәріханадағы дәрі бір бағамен сатылады. Бағасы реттелетін дәрінің өз тізімі бар.
"Біз жерге түсуіміз керек, бірақ көбіміз аспанда жүреміз. Жердегіні көрмейтін, естімейтін секілдіміз. Ағайын-туыс, достарымыз бар. "Дәрінің бағасы қандай? Сапасы жақсы ма?" деп сұрауға болады", — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Кездесу кезінде өңір басшысы құрамында есірткісі бар дәрілік заттардың арнайы рецептісіз сатылатыны туралы ақпарат түскенін мәлімдеді.
"Айболит", "Миллениум" дәріханалары құрамында есірткісі бар дәрілерді рецептіміз сатады деп жазды. Қазір сатылмайды деп айтып тұрсыз, бірақ жасырын тексеруден анықталуы мүмкін. Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бәрін бақылауы керек. Анықталса, нашақорларды өзіміз дайындаған болып шағамыз", — деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 25 сәуір 2024
Түркістанда әкімдік қызметкері комиссия отырысында балабақша иесін ұрып жіберген
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті
-
22:19, 25 сәуір 2024
Олжас Бектенов Анкарада Режеп Тайып Ердоғанмен сөйлесті
-
21:42, 25 сәуір 2024
Анна Данилина Португалиядағы турнирді сәтті бастады
-
21:08, 25 сәуір 2024
Атырау облысында өрт кезінде балалар қаза тапты: полиция оқиғаның егжей-тегжейін айтты