Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының негізгі 5 ерекшелігі
© Zakon.kz
Төрткүл дүние көз тігіп отырған Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Риа Новости таратқан ақпаратқа сәйкес Олимпиаданың негізгі бес фактісі мынадай:
▪ 15 спорт түрінен 109 жүлде жинағы ойнатылады: биатлон, бобслей, тау шаңғысы, керлинг, конькимен жүгіру, скандинавиялық комбинация, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, скелетон, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шорт-трек.
▪ Жаңа 7 жарыс түрі болады: аралас эстафета (коньки тебу), әйелдер монобобы (бобслей), командалық микст (акробатика, фристайл), биг-эйр (фристайл), аралас эстафета (шорт-трек), командалық микст (шаңғымен трамплиннен секіру), командалық сноуборд кросс.
▪ Ойындар 3 кластер бойынша өтеді: Пекинде (мұздағы спорт түрлері), Яньцинде (тау шаңғысы, бобслей, скелетон және шаңғы спорты) ал Чжанцзякоуда (шаңғы жарысы, биатлон, сноуборд, шаңғымен секіру, фристайл).
▪ Олимпиаданың тұмары - панда Бинг Дундун. Аудармада «бин» мұз, тазалық пен күшті, ал «дундун» - сау, күшті, көңілді дегенді білдіреді.
▪ Бейжің - 2008 жылғы жазғы ойындардан кейін қысқы Олимпиада ойындарын өткізген тарихтағы бірінші қала.
Новость по теме
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:59, 19 желтоқсан 2025
Ақтөбелік азамат аса ірі көлемдегі есірткі заттарын жалдамалы пәтерде сақтаған
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр





