Базалық мөлшерлеменің төмендеуі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді
© Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 5 маусымдағы брифингте базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімнің әсерін азаматтар қашан сезіне бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің 1%-ға төмендеуі әрбір қазақстандықтың өміріне бірден әсер ете қоймайды.
"Негізі бұл құралдан не күтеміз? Әдетте базалық мөлшерлемеден кейін бизнес пен халыққа берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемелері өзгереді. Бірақ сонымен қатар депозит мөлшерлемелері де өзгереді. Экономикада осындай екі әсер қатар жүреді. Яғни, несие алғысы келетіндер үшін несие мөлшерлемелері бірден емес, біртіндеп төмендеуі мүмкін екенін атап өткім келеді. Ал депозиті бар азаматтар депозиттердің табыстылығы да біртіндеп азаятынын түсінуі керек", – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Оның сөзінше, бұл – қалыпты құбылыс, өйткені депозиттер банктердің қаржыландыру базасын қалыптастырады. Қаржыландыру құны арзандаған сайын банктер де несиені төмен пайызбен ұсына алады.
Бұған дейін Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендеткенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:13, 5 маусым 2026
Мемлекет басшысы Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады
-
17:08, 5 маусым 2026
Олжас Бектенов: Агробизнес ауылда тұрақты жұмыс орындарын құруы тиіс
-
17:00, 5 маусым 2026
Тұрақты даму мен экологиялық жауапкершілік – «Казфосфаттың» басты ұстанымы
-
16:56, 5 маусым 2026
Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдетілді: жаңа формат іске қосылды
-
16:39, 5 маусым 2026
Енгізгендер жауап беруі керек: депутат мектептердегі БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы пікір білдірді





