Баянауылдағы демалыс аймағында жол апатынан бес адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Баянауылда жол апатынан бес адам зардап шекті. Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысының полиция департаменті Баянауылдағы демалыс аймағында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
16 шілде күні Жасыбай демалыс аймағында Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі серпантинді жолда рөлге ие бола алмай, көлікті кюветке аударып жіберген. Оқиға салдарынан жүргізуші мен жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Тәртіп сақшылары демалушыларға жол қауіпсіздігін сақтап, әсіресе, қозғалысы көп учаскелерде жылдамдықты асырмауға және көлік құралдарының техникалық жағдайына мұқият болуды ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:00, 17 желтоқсан 2025
Ақтауды мұнайдың өткір иісі басты: тұрғындар дабыл қағуда
-
09:51, 17 желтоқсан 2025
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны қарызын өтеу үшін жылқы ұрлаған
-
09:45, 17 желтоқсан 2025
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға Конкурс: жаңа ережелер қабылданды
-
09:38, 17 желтоқсан 2025
2025 жылдың 11 айында Қазақстан экономикасы 6,4 пайызға өсті
-
09:26, 17 желтоқсан 2025
Балаға байланысты әлеуметтік төлемдер: кімдерге және қанша төленеді





