Батыс Қазақстанда құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқыны ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Батыс Қазақстан облысында 150-ге жуық жылқыны ұрлады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 27 қарашада облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Заң мен тәртіп" қағидаты аясында облыста мал ұрлығының алдын алу және мұндай қылмыстарды ашу жұмысы күшейтілді.
Биылғы 20–22 қараша аралығында өңірде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
"Іс-шара барысында облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Бөкей ордасы ауданының полицейлерімен бірлесіп, мал ұрлығын ашу үшін ауқымды жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мал ұрлығының алты дерегіне қатысы бар деген күдікпен төрт адамнан тұратын топ ұсталды. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Полиция олардың жалпы құны 86 млн теңгеден асатын 148 жылқының ұрлығына қатысы барын анықтады. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр", – деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның түсіндіруінше, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мал ұрлығы үшін мүлікті тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейін, 2026 жылғы 18 қарашада, Қазақстанның солтүстігінде жоғалған сиырды іздеу оқиғасы күтпеген арнаға бұрылғаны белгілі болған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:05, 27 қараша 2026
«Мен жай ғана Қазақстаннан шыққан адаммын»: Димаш Құдайберген ағынан жарылды
-
13:58, 27 қараша 2026
Алматы мен Алматы облысында өзендер тасып, кей аумақтарды су басуы мүмкін
-
13:45, 27 қараша 2026
Он жылға жуық іздеуде жүрген ер адам Өскеменде ұсталды
-
13:37, 27 қараша 2026
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
13:26, 27 қараша 2026
Алматыда жаңбырдан кейін жақында төселген тротуар опырылып түсті





