Алматыда жаңбырдан кейін жақында төселген тротуар опырылып түсті
© Сурет: Threads/@botakoz.asimkhan
2026 жылғы 27 қарашада Алматыдағы Жароков пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында жаңадан төселген тротуар плиткалары опырылып түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жағдайға қала тұрғындарының бірі назар аударған. Ол оқиғаны видеоға түсіріп, жөндеу жұмыстары қазан айының 20-сы шамасында ғана аяқталғанын айтты.
"Жароков – Бұқар жырау көшелерінің қиылысындағы тротуар плиткалары 2026 жылдың қазан айында төселген. Егер тротуар адамның немесе баласы бар арбамен жүрген ананың аяғының астынан опырылып түссе ше?" – деп алаңдады алматылық тұрғын.
Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының баспасөз қызметіне хабарласты.
Ведомство өкілдері аталған аумақты тексергенін хабарлады.
"Тротуар жабынының шөгуі мен опырылуына жаяу жүргіншілер өткелінің астынан өтетін құбыр диаметрінің сәйкес келмеуі себеп болғаны анықталды", – деп түсіндірді басқарма.
Сондай-ақ қолданыстағы Б-3 типті арықтың диаметрі кішірек металл құбырмен жалғанғаны айтылды. Соның салдарынан нөсер жауын-шашын мол түскен кезде су жиналып, арнасынан асып кеткен.
Бұл топырақ негізінің шайылуына, соның салдарынан тротуар плиталарының шөгуі мен бұзылуына әкелген.
Басқарма аталған аумақты абаттандыру аясында тек жаяу жүргіншілерге арналған тротуарды салу, соның ішінде брусчатка төсеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.
Ал қолданыстағы арық науаларын, су өткізетін металл құбырларды және жабық арық жүйелерін (ЗКЦ) жөндеу, ауыстыру немесе қайта жаңарту жұмыстары басқарма тарапынан жүргізілмеген.
"Мердігер ұйымның күшімен аталған ақаулар қысқа мерзімде жойылып, аумақ тиісті қалыпқа келтіріледі", – деп сендірді әкімдік.
Айта кетейік, бұған дейін де осындай жағдай болған. 11 қарашада жаңбырдан кейін Алматыдағы Достық даңғылында тротуар опырылып түскен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:05, 27 қараша 2026
«Мен жай ғана Қазақстаннан шыққан адаммын»: Димаш Құдайберген ағынан жарылды
-
13:58, 27 қараша 2026
Алматы мен Алматы облысында өзендер тасып, кей аумақтарды су басуы мүмкін
-
13:45, 27 қараша 2026
Он жылға жуық іздеуде жүрген ер адам Өскеменде ұсталды
-
13:37, 27 қараша 2026
Өрт қауіпсіздігі қағидаларына өзгерістер енгізілді
-
13:13, 27 қараша 2026
Қазақстанда газ өндірушілерге жаңа талап енгізілді: енді өндіріс паспорты міндетті болады





