Батуттағы гимнастикадан Швейцариядағы Әлем кубогы кезеңіне қай спортшылар қатысатыны белгілі болды

17:35, 3 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Осы айдың аяғында Ароза қаласында (Швейцария) батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған байрақты бәсекеде ел намысын Никита Тумаков, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Виктория Бутолина, Евгения Чернышова қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 26-27 маусым аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін өткен Азия чемпионатында жекелей сайыста Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болған. Ал Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов синхронды секіру сайысында күміс медаль жеңіп алған еді.

Бұған дейін көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған Ақмарал Ерекешева қола медаль иеленген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!