Сейсенбіде еліміздің үш өңірінде аптап ыстық болады, ал қалған бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанады
© Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша алдағы бейсенбі, 2026 жылғы 4 маусымға арналған синоптикалық ахуал мен қолайсыз табиғи құбылыстардың болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, Павлодар, Абай облыстары және Жетісу облысының солтүстігінде аптап ыстық болады: +35...+36°С.
"Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағына тұрақсыз ауа райын әкеледі: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, республикамыздың батысында, солтүстігінде бұршақ түседі деп болжанады. Республика бойынша екпінді және қатты жел күшейеді, түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында тұман болады күтіледі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
- Абай, Жетісу облыстарында, Жамбыл, Павлодар облыстарының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, шығысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
- Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 4, 5 және 6 маусымға арналған еліміздің ең ірі қалалар бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:59, 3 маусым 2026
Ақмола облысында 10 жастағы бала суға батып кетті
-
18:41, 3 маусым 2026
Жұмаға қараған түні Жер магнитті дауылдың ықпалында болады
-
18:22, 3 маусым 2026
Еліміздің төрт өңірінде құрғақшылық болатыны болжанады
-
18:13, 3 маусым 2026
Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды
-
18:13, 3 маусым 2026
Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заң жобасына қол қойды





