Бас прокуратура полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін жаза қатаңдатылғанын мәлімдеді
© Фото: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін тағайындалған жаза қатаңдатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалаушы органның мәліметінше, Атырау облысында бір топ азамат қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп отырып, жанжал шығарған. Оқиға орнына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкері келген. Алайда құқық бұзушылар заңды талаптарға бағынудың орнына оған күш қолданған.
Олар ағаш заттар мен тастарды пайдаланып, полиция қызметкерін соққыға жыққан. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алып, көз ұясы мен жақ сүйегі сынған.
Алғашында сот айыпталушыларға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сай емес деп таныды.
Кассациялық наразылық енгізілгеннен кейін сот шешімі қайта қаралып, сотталғандарға тағайындалған жаза нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Айта кетейік, 2026 жылғы 31 наурызда Қостанайда полиция қызметкерін ұрып-соғу фактісі тіркелген болатын. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жәбірленуші амбулаториялық ем қабылдап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 2 сәуір 2026
Қазақстанда машина жасау саласын қолдаудың шаралары қайта қаралады
-
15:42, 2 сәуір 2026
2 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
-
15:34, 2 сәуір 2026
Қазақстандықтарға бала паспортына қатысты негізгі талап түсіндірілді
-
15:26, 2 сәуір 2026
Қазақстанда 21 мыңнан астам бала аутизммен тіркеуде тұр
-
15:12, 2 сәуір 2026
Бас прокуратура Санжар Бокаевтың қандай күдікке ілінгені туралы мәлімдеді





