Балқаш әуежайына күрделі жөндеу басталды

16:16, 2 шілде 2024

© Сурет: Zakon.kz

Балқашқа жыл сайын 90 мыңнан астам турист келеді. Осы уақытқа дейін жол ұзақтығы әбден әбігерге салса енді әуе қатынасын жақсарту қолға алынған.

Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Жыл соңына дейін негізгі ғимараты, қосымша нысандар, ұшу алаңы күрделі жөндеуден өтеді. Жоба құны 3 миллиард теңгеден астам, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ұшу жолағы мен перон аумағы белгіленді. Қазір бетон төсеп жатырмыз. Жұмысқа 40 техника мен 80 адам жұмылдырылды. Барлығы кестеге сай жүріп жатыр." Мырза Нұрсекеев, Жоба жетекшісі

Құрылыс жұмыстары біткен соң жаңа бағыттар бойынша әуе рейстері ашылады. Қазір аптасына 4 мәрте Алматы-Балқаш-Астана бағыты бойынша ғана ұшақ қатынайды. Соңғы 3 жылда қалаға келетін туристер саны 30 пайызға көбейген. Мамандар биыл да шамамен 100 мың адам келеді, деп болжады.

"Жылдың аяғына дейін 18 мың жолаушы ұшатын болса, келесі жылы осы күрделі жөндеу өткізілген соң 60 мыңға дейін жолаушыларды тасымалдаймыз. Көп бағыттар ашылады. Субсидияланған рейстер қосылады." Мейрамбек Мырзахметов, Балқаш әуежайының басшысы

Балқаш әуежайының инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әуежай 1967 жылы салынған. Онда жөндеу жұмысы тек 2007 жылы жүргізілген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!