Баласының көз алдында әйелді ұрған қазақстандық 15 тәулікке қамалды
© Фото: Zakon.kz
Атбасар аудандық сотында қала тұрғындарының қатысуымен сот отырысы өтті, онда әйелді ұрған ер адамға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот анықтағандай, ер адам туысына қонаққа келген. Мас күйінде көпқабатты үй ауласында, кәмелетке толмаған баласы бар әйелмен жанжалдасып, оны ұрған.
Ер адамның кінәсі толық дәлелденді. Бұл фактіні зардап шеккен әйелдің өзі, куәгерлердің айғақтары, сот сараптамасының нәтижелері және бейнежазба растады.
Сот үкім шығарар кезінде құқық бұзушылық мас күйінде жасалғанын ескерді, бұл жағдай ауырлататын мән-жай болып саналады.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 26 қаңтарда біз Рудныйда мас күйінде басқа адамның көлігін жүргізіп, бірнеше жол-көлік апатын жасап, полициядан қашаған ер адамға сот үкімі шыққанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:32, 27 қаңтар 2026
Астанада кейбір маршруттарда қосымша автобустар жүретін болды
-
11:26, 27 қаңтар 2026
Астана мен Алматыдағы валюта бағамы – 27 қаңтар
-
11:15, 27 қаңтар 2026
Ыстамбұлда қоқыс жәшігінен өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылды
-
11:04, 27 қаңтар 2026
Бектенов министрге экотуризмді дамыту жөнінде сұрақ қойды: презентациядан әрі іс қозғалған жоқ
-
10:52, 27 қаңтар 2026
Ақтөбелік кәсіпкерлер «саршұнақ аязға» әкімдікті кінәлап отыр





