Баланы жақсы оқуға қалай ынталандыруға болады

13:40, 26 тамыз 2024

© Фото: Zakon.kz

Психолог Наталья Наумова жеке жетістіктер баланың оқуға деген ынтасын ашатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сарапшының айтуынша, ата-аналар балаға нашар бағалар үшін ұрыспауы керек. Себебі, бұл оның оқуға деген ынтасын өшіреді. Керісінше, бұл жағдайда оған қолдау көрсетіп, жетістіктері мен хоббиі арқылы ынталандыру қажет.

"Жетістік пен мүмкіндіктер арқылы ынталандыру керек. Бала жетістікке жеткенде, ары қарай оқуға ынтасы ашылады. Қиын кездерде, ұрыспай, оған көмек көрсету де балаға оң әсер етеді. Сондай-ақ, хоббиін дамыту арқылы да жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Бұл оқушының өзін-өзі бағалауы үшін маңызды", — дейді психолог NEWS.ru-ге берген сұхбатында.

Бұған дейін Алматы әкімдігінде жаңа оқу жылына дайындық туралы айтылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!