Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау - құжаттар тізімі

© Фото: pexels
ҚР Оқу ағарту министрлігі 2 тамызда баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін қандай құжаттар қажет екендігін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланы мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
- қабылдауға арналған жолдама;
- өтініш;
- қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің) немесе электрондық құжаттар қызметінен цифрлық құжат;
- баланың туу туралы куәлігі немесе электрондық құжаттар сервисінен цифрлық құжат;
- № 065/е нысанындағы профилактикалық егу картасы;
- № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- № 027/у нысанды анықтама;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (мүмкіндігі шектеулі балалар үшін).
"Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады. Астана, Алматы қалаларында және Ақтөбе, Қостанай облыстарында балалардың мектепке баруына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда топтарды жасақтау аяқталды. Өзге өңірлерде бұл жұмыс тамыз айының соңына дейін жалғасады". ҚР Оқу ағарту министрлігі
Кезекке қою, құжат қабылдау және жолдама беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді жергілікті атқарушы органдар электрондық үкіметтің веб-порталы немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетеді.
Елімізде 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, балаларды қамту деңгейі 91,5%-ды құрайды. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылдың соңына дейін 77 мыңнан астам жаңа орын ашу жоспарлануда.
2024 жылғы 16 шілдеде мектепке дейінгі білім берудің жаңа бағдарламасы әзірленгені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:53, 9 ақпан 2025
ТЖМ қызметкерлері 3 500 метр биіктікте аяғы сынған адамды құтқарды
-
10:48, 9 ақпан 2025
Қазақстан алғаш рет тарихында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды
-
10:48, 9 ақпан 2025
Қазақстан тарихта алғаш рет шорт-тректен Азия ойындарында алтын жеңіп алды
-
10:33, 9 ақпан 2025
Бүгін – қазақ поэзиясына ерекше серпін әкелген ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
-
10:10, 9 ақпан 2025
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында күміс медальға ие болды