Балаларды порно-роликке түсірген қарағандылық ұсталды

17:27, 30 шілде 2021

© Сурет: 24kz

Интернеттің жабық сегментінде белгісіз ер адамның кішкентай ұл мен қызға қатысты лас әрекетін түсірген видео анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерді сүзгіден өткізу кезінде полиция қызметкерлері өзінің ВК-дағы парақшасында порно видеодағы балаларға ұқсас балалардың суретін жариялаған қарағандылық желі қолданушысын анықтады.

Ізкесушілер 13 жасар бала мен оның 11 жастағы қарындасын тапты. Анықталғандай, олар Қарағанды ​​қаласындағы интернаттардың бірінде тұратын жетім балалар. Ағасы мен қарындасы бұл видеоны өткен жылдың соңында қайтыс болған анасының танысы түсіргенін айтты.

Қаскөй балалармен видеоға түсіп, содан кейін Интернетке порнографиялық мазмұндағы файлдарды орналастырған.

Күдікті 53 жаста, ол қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде, қос баладан басқа құрбандар бар-жоғы анықталуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!