Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қалай есептеледі
© Фото: Zakon.kz
Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен Мемлекеттік балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды айқындау үшін оқу-жаттығу процесіне, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен әкімшілік-басқару персоналының еңбекақы төлеу қорына, спорттық киіммен және құрал-жабдықтармен, фармакологиямен қамтамасыз етуге, сондай-ақ спорттық іс-шараларға арналған шығыстар ескеріледі.
Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сметалық қаржыландыру бойынша қаржыландырылатын ғимараттар мен құрылыстарды күтіп ұстау мен жалға алу, коммуналдық, байланыс және көлік қызметтері бойынша шығыстарды өтемейді.
Оқу-жаттығу процесі келесі кезеңдерге бөлінеді:
- спорттық-сауықтыру;
- бастапқы даярлық;
- оқу-жаттығу;
- спорттық шеберлікті жетілдіру;
- жоғары спорт шеберлігі.
Мемлекеттік БЖСМ жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу кезінде келесі жалпы көрсеткіштер пайдаланылады:
- базалық лауазымдық айлықақы (БЛА);
- айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
- үш дайындық кезеңіне бөлінген білім алушылар контингенті:
- бастапқы даярлық кезеңі (Ебд) – спорттық-сауықтыру мен бастапқы даярлық топтарына қабылданған білім алушылар;
- оқу-жаттығу даярлығы кезеңі (Ежк) – спорт түрі бойынша мамандандыру мақсатында бастапқы даярлық кезеңін табысты аяқтаған білім алушылар;
- спорттық жетілдіру кезеңі (Есж) – спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі топтарына қабылданған білім алушылар;
- дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша мемлекеттік БЖСМ директорымен бекітілген оқу топтарының саны, мұндағы:
- бастапқы даярлық кезеңі топтарының жалпы саны;
- оқу-жаттығу даярлығы кезеңі топтарының жалпы саны;
- спорттық жетілдіру кезеңі топтарының жалпы саны.
Бұйрық 2026 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 16 шілде 2026
2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды
-
12:48, 16 шілде 2026
ІІМ ауқымды рақымшылықтың алғашқы қорытындыларын жариялады
-
12:35, 16 шілде 2026
Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары жаңартылды
-
12:26, 16 шілде 2026
Маусым айындағы аптап ыстық: Қазақстанда 70 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды
-
12:13, 16 шілде 2026
Отбасылық дос деп жүргені қанды қылмыскер болып шықты: Астанада 14 жасар қызды өлтірген күдіктіге үкім кесілді





