Балалар құқығы қаншалықты қорғалған?

19:35, 15 қыркүйек 2016

Қоғам назар аударуы тиіс тағы бір мәселе. Жыл басынан бері 1500-ден астам жасөспірім құқық бұзушылық жасап, 179-ы сотталған. 

Ал олардан жауап алу барысында тергеушілер кейде қатыгез әрекеттерге барады екен. Сондай-ақ ер балалар ересектер арасында, қыздар ұлдармен бір изоляторда ұсталатыны айтылды. 

Сұрақ-жауап кезінде психологиялық қысым көрсетіліп, күзетшілердің өз қызметін асыра пайдаланғаны анықталған. 

«Түрме, уақытша ұстау мекемелері мен арнайы мектептер қызметін жетілдірмей балалардың қылмысқа бару мәселесін шешіп, жасөспірімдерді оңалту мүмкін емес», – дейді мамандар.

Азамат Шәмбілов, Халықаралық түрме реформасының аймақтық директоры

-44 пайызы зорлық-зомбылықтың жәбірленушісі болған. Оның 42-сі сол мекемеде жұмыс жасайтын мамандардың зорлық-зомбылығы балаға қатысты жасалған. Ұрып-соғу, қинау, тамақ бермеу, ұрсу.
 

Дереккөз: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!