Балаева ИЫҰ өкіліне Қазақстанның зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жетістіктері туралы айтты
© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Ислам ынтымақтастық ұйымы Әйелдерді дамыту ұйымының атқарушы директоры, доктор Афнан әл-Шуайбимен кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде гендерлік теңдік мәселелері талқыланып, отбасылық және гендерлік саясат саласында тәжірибе алмасу сөз етілді.
Министр Қазақстан көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекет болғандықтан, бейбітшілік, толеранттылық және кемсітушілікке жол бермеу саясатын ұстанатынын атап өтті.
"Президент мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі саналатын гендерлік теңдікке қол жеткізуге бағытталған жұмыстарға ұдайы қолдау көрсетеді және оған көп көңіл бөледі. Бұған маңызды дәлел ретінде гендерлік алшақтық индексі бойынша халықаралық рейтингте Қазақстан 2023 жылы 146 елдің арасында 62 орынға ие болғанын атап өтуге болады", - деді Аида Балаева.
Министр ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қызметіне, сондай-ақ отбасылық және гендерлік саясатты зерттеу орталығының жұмысына тоқталды. Гендерлік саясат мәселелерімен айналысатын 500-ден астам ҮЕҰ және 70-ке жуық ҮЕҰ-ны біріктіретін әйелдер көшбасшылығы мектептерінің ұлттық желісі маңызды рөл атқарады. Еліміздің барлық өңірінде "Әйел саясаткерлер клубтары" және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары жұмыс істейді.
Доктор Афнан әл-Шуайби еліміздің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі жетістіктеріне ерекше тоқталып, Орталық Азия елдері арасында Қазақстан осы салада көшбасшы орынға ие екенін атап өтті.
Тараптар сондай-ақ халықаралық алаңдарды да қоса алғанда, Қазақстан мен ИЫҰ әйелдер ұйымының өзара байланыс перспективаларын талқылады. Кездесу соңында қатысушылар әйелдер құқығын қорғаудың негізгі мәселелері бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге және пікір алмасуға ниет білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





