Бақыт Есімова Қостанай қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

14:40, 28 қыркүйек 2020

Қостанай қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің жаңа орынбасары Бақыт Есімованы ұжымға таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бақыт Есімова ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметіне ауысқан Марат Жүндібаевтың орнына келді. Бақыт Есімова бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған. Екі жоғары білімі бар.

Бақыт Есімованың мектеп жасында Арқалық қаласында тұрып оқығанын атап өткім келеді. Бұл қызметте Б.А.Есімова ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, мектепке дейінгі, жалпы білім беру ұйымдарында, бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелеріндегі қызметті, сондай-ақ мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, шекара, білім беру қызмет бойынша мәселелерді қадағалап, осы бағыттарға жетекшілік етеді, - деді облыс әкімі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!