Байкал маңынан 100 миллион жыл бұрын тіршілік еткен масалардың ізі табылды

16:39, 8 қыркүйек 2026
MKZ: 1565803

© Сурет: pexels

Ресей ғалымдары Байкал өлкесі мен Бурятиядағы далалық зерттеулерін аяқтады. Олар ежелгі геологиялық қабаттарды зерттеп, жойылып кеткен тірі ағзалардың бірегей қазба үлгілерін жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдардың басты олжаларының бірі – ежелгі жәндіктердің, соның ішінде масалар мен инеліктердің жақсы сақталған іздері болды. Сонымен қатар зерттеушілер шаянтәрізділер және балықтар мен өсімдіктердің қалдықтарын тапқан.

Байкал маңында100 миллион жылдан астам бұрын өмір сүрген масалардың ізі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 16:39

Сурет: ipgg.sbras.ru

Байкал маңында100 миллион жылдан астам бұрын өмір сүрген масалардың іздері табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 16:39

Сурет: ipgg.sbras.ru

Бұл табылған заттар ғалымдарға ежелгі тіршілік иелерінің қанша жыл бұрын өмір сүргенін, қандай ортада тіршілік еткенін және 100 миллион жылдан астам уақыт бұрын бұл өңірде климаттың қандай болғанын анықтауға көмектескен.

"Ғалымдар Бурятиядағы Байса аймағына ерекше қызығушылық танытып отыр. Себебі бұл жерден ерте бор кезеңінде өмір сүрген ежелгі жануарлар мен жәндіктердің қалдықтары жиі табылған", – делінген хабарламада.

Зерттеушілер ол жерге жету үшін қалың орманның арасымен арнайы көлікпен шамамен 100 шақырым жүріп барған.

Байкал маңында100 миллион жылдан астам бұрын өмір сүрген масалардың іздері табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2026 16:39

Сурет: ipgg.sbras.ru

Зерттеудің пайдасы тек ежелгі тіршілік иелерін зерттеумен шектелмейді. Байса аймағындағы кейбір тау жыныстарында органикалық заттар көп. Сондықтан ғалымдар бұл жерден болашақта мұнай түзуі мүмкін жыныстарды іздеуге болады деп есептейді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!