9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: жаңбыр жауып, жел күшейеді

17:43, 8 қыркүйек 2026
MKZ: 1565819

© Фото: unsplash

2026 жылғы 9 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.

"Тек елдің оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады. Батыс пен солтүстікте бұршақ жауып, шквал болуы мүмкін. Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады", – деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

"Түнгі және таңертеңгі уақытта елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман түседі", – деп нақтылады синоптиктер.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!