Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді
© Сурет: olympic.kz
Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасының спортшысы Мария Бровкова Польшаның Познань қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы бірлік-каноэде 500 метрлік қашықтықтың финалында бақ сынады.
Мария Бровкова қашықтықты 02:06.33 уақытта жүзіп өтіп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль канадалық София Дженсенге бұйырды – 02:00.78. Венгриялық Агнес Анна Кис мәреге екінші болып жетті – 02:02.80. Үздік үштікті Беларусь өкілі Алёна Ноздрева түйіндеді – 02:04.80.
Айта кетейік, бүгін, 29 тамызда Мария Бровкова Ульяна Киселевамен бірге екілік-каноэде 200 метрге жарыстың финалында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Сергей Емельянов бірлік-каноэде 200 метрлік қашықтықта жетінші орын алған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:54, 29 тамыз 2026
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Швейцариядағы Grand Slam турнирінің финалына шықты
-
18:28, 29 тамыз 2026
Байқоңырда босанған аналарға тегін дәрі қобдишалары берілмеген
-
17:44, 29 тамыз 2026
Ольга Бузованың Алматыдағы концерті өтпейтін болды
-
17:33, 29 тамыз 2026
Непал мен Қытайдағы алапат су тасқынынан кейін 3 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен
-
16:59, 29 тамыз 2026
30 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды





