Байбек медициналық қызмет туралы: 5 минут қарап, 15 минут жазу жазады

11:02, 21 ақпан 2018

Медициналық қызметтердің сапасы көңілден жиі шыға бермейді. Бұл туралы тұрғындармен болған кездесуде Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Дәрігердің қабылдауына келесің, 5 минут қарап, 15 минут жазу жазады. Сол себепті де Мемлекет басшысы цифрландыру туралы айтып жатыр. Ол ештеңе жазбау керек, бүкіл ақпарат интернетте тұру керек", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, цифрландыру жемқорлық құрамды жоққа шығарады.

"Біз талдаулар жүргіздік, бір дәрігер бір ғана дәрі жазып берсе, екіншісі бірден төрт дәрі жазады. Яғни, науқасты "шыр айналдырады", - деді Байбек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!