Азия ойындарында «алтынынан» айырылған қазақстандық спортшыға бағалы сыйлық табысталды
© Сурет: Instagram/01yasm1na
2026 жылғы 9 қарашада Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы (ЖАФ) XX жазғы Азия ойындары мен V Азия пара ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен жаттықтырушыларды салтанатты түрде марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шараға Спорт істері комитетінің төрағасы Руслан Бақытұлы мен федерацияның бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысып, үздік спортшыларға ақшалай сертификаттар табыстады.
"Азия ойындарының қаһармандары марапатталды! Кештің басты оқиғасы – марафон қашықтығында ерекше табандылық танытқан Ясмина Тоқсанбаеваға бір бөлмелі пәтердің кілтін табыстау болды. Пәтер федерация мен демеушілер атынан берілді. Федерация Ясминаны Азия ойындарының нағыз чемпионы әрі ел мақтанышы деп санайды", – делінген Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Федерация өкілдері бағалы сыйлық Тоқсанбаеваға қосымша қолдау болып, алдағы Олимпиада ойындарына дайындығына жаңа серпін береді деп сенеді.
Жеңіл атлетші де өзіне табысталған қымбат сыйлыққа қатысты пікір білдірді.
"Өз сезімімді сөзбен жеткізуге сөзім де, эмоциям да жетпейді. Өз елім мен Жеңіл атлетика федерациясы тарапынан осындай құрметке ие болғаныма шексіз қуаныштымын! Бүгінгі қуанышқа ортақтасқан баршаңызға рақмет! Бұл мені алға ұмтылып, дамуға ынталандырады!" – деді Ясмина Тоқсанбаева өткен дүйсенбіде.
Айта кетейік, дәл осы күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан болатын.
Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындары мен V Азия пара ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ясмина Тоқсанбаева "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:10, 10 қараша 2026
Қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескерту жасалды: жалған аккаунтты түпнұсқадан ажырату қиын
-
15:51, 10 қараша 2026
Доллар бағамы кезекті өсімнен кейін 10 қарашадағы саудада 447,52 теңгеге дейін төмендеді
-
15:43, 10 қараша 2026
Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін
-
15:37, 10 қараша 2026
Әлем хаосқа ұшырап, банк шоттары бос қалады: 17 қарашаға қатысты үрейлі болжамдар жоққа шығарылды
-
15:30, 10 қараша 2026
Қазақстандағы жеке үйлерде өрттің неден шығатыны айтылды





