Азия биржалары құлдырай бастады
© Сурет: pixabay
Азия биржаларында бағалы қағаздардың құны қайтадан арзандай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
CNN басылымының жазуынша, жалпы алғанда Азия биржаларының индекстері, бейсенбіде төмендеген америкалық индекстердің бағытын қайталап отыр. Ал, күні кеше ғана Трамптың баж салығы бойынша жаңа мәлімдемелерінен кейін биржалар сәл-пәл болсын көтеріліп қалып еді.
Қазіргі жағдай келесідей:
- Жапонияның Nikkei 225 индексі бейсенбіде жабылған деңгеймен салыстырғанда 5%-ға төмендеді;
- Оңтүстік Кореяның KOSPI және Австралияның S&P/ASX 200 индекстері шамамен 2%-ға төмендеді;
- Тайваньның TAIEX индексі жұма күні сауда-саттықты ашқаннан кейін 1,2%-ға арзандады;
- Американың S&P 500 индексі бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 3,5%-ға, Dow Jones 2,5%-ға, Nasdaq 4,3%-ға төмендеді.
Бұған дейін 9 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы қайтадан көтерілгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





