Азиада-2026: Әлижан Аблағатов ушудан Қазақстанға алғашқы медальді сыйлады

17:15, 23 қыркүйек 2026
MKZ: 1568486

© Сурет: Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.

Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға өткен Абдурашид Абдуллаев Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ертең отандасымыз финалда Иран өкілі Сохеил Мусавимен кездесіп, "алтынға" таласатын болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!