Әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару қағидалары жаңартылды
© Фото: Zakon.kz
Қаржы министрі 2026 жылғы 16 қыркүйектегі бұйрығымен "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, мемлекеттің кепілгерлігі мәселелері туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ішкі нарықта айналысқа жіберетін бағалы қағаздарды шығару қағидалары жаңа редакцияда жазылды.
Жергілікті атқарушы органдар мынадай тәсілдермен қарыз ала алады:
- республикалық бюджеттен бюджеттік кредит алу;
- қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шотында болжанатын қаражат тапшылығын жабу үшін жоғары тұрған бюджеттен бюджеттік кредит алу;
- қарыз алу мақсаттарының тізбесіне сәйкес шығыстарды қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберілетін мемлекеттік бағалы қағаздар шығару;
- астана мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберілетін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы;
- заңмен ерекше мәртебесі айқындалған республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының "жасыл" жобаларды қаржыландыру үшін АХҚО аумағында ұлттық валютадағы мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығаруы, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан ұлттық валютада қарыз алуы.
Қарыз алу мынадай негіздерде жүзеге асырылады:
- алдағы қаржы жылына белгіленген борыш лимиті және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеу мен оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаты шегінде қарыз алу көлемін шектеу;
- қарыз алудың инвестициялық басымдықтарын айқындау;
- басым республикалық немесе жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру.
Қарыз алу жөніндегі ұсыныстар тиісті бюджет комиссиясының қарауына жіберіледі.
Қарыз алу қарыз шарты арқылы немесе ішкі нарықта айналысқа жіберілетін мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару түрінде жүзеге асырылады.
Бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және сыртқы мемлекеттік қарыздардың шарттарын, көлемі мен нысаналы мақсатын, сондай-ақ борышты өтеу мен оған қызмет көрсету мөлшерін айқындайды. Бұл мәселелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісіледі.
Қол қойылған қарыз шарттары өтеу және сыйақы төлеу кестелерімен, сондай-ақ өзге де қосымшаларымен бірге бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда тіркелуге тиіс. Қарыз шарты тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.
Бұйрық 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін Қазақстанда әкімдіктердің бағалы қағаздар шығару қағидалары өзгергенін хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:33, 23 қыркүйек 2026
Бес пәтер, үш көлік және екі жер телімі тәркіленді: Қостанай облысында екі тұрғын сотталды
-
12:11, 23 қыркүйек 2026
Алексей Луценко Азия ойындарының алты дүркін чемпионы атанып, тарихи рекорд орнатты
-
12:03, 23 қыркүйек 2026
АҚШ Украина тарапынан америкалық кемелердің шабуылға ұшырауына алаңдады
-
11:54, 23 қыркүйек 2026
Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде валюта бағамы қандай
-
11:50, 23 қыркүйек 2026
Қазақстандық спортшы Азия ойындарында спорттық жүрістен күміс медаль жеңіп алды





