Аюлар мен лимузин. Перзентханадан әйелін ерекше шығарып алған күйеуі жұртты таңғалдырды

10:02, 16 ақпан 2018

Перзентханадан әйелін ерекше шығарып алған күйеуінің әрекеті Қазнет қолданушыларын таңғалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнероликтің атына қарағанда бұл жағдай Атырауда болған сияқты. Мұндай қуанышты шараның құрметіне дастархан жайылып, үлкен аюдың киімін киген аниматорлар шақырылды, ал әнші қыз әнді эскаватордың үстінде тұрып орындады.

Желі қолданушыларының пікірі дәстүр бойынша екіге бөлінген. Кейбіреулер қуанышқа ортақ болып, әкесін құттықтап жатса, біреулер сонша шығын шығарғанын түсіне алмай әлек.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!