«Аяз қайта күшіне мінеді». Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: zakon.kz
Синоптиктер 3 ақпанда қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде Алматы облысының солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-батыстан шығысқа ойыса соққан желдің күндіз облыстың батысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірдегі ауа температурасы күндіз 5-10 градус суықты, 5 ақпанда түнде 17-22 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны одан әрі төмендей береді. Атырауда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болатыны болжанады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 4 ақпанда өңірде ауа температурасы күндіз 0-5, облыстың солтүстік-шығысында 0-8 градусты көрсетеді деп болжанады, ал 5 ақпанда түнде және күндіз 7-12 градус аяз болып, сынап бағаны одан әрі төмендейді.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің облыстың оңтүстік-батысында, орталығындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасындатады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда 3 ақпанда түнде қар жауып, бұрқасын жүреді, жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус суықты көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді.
Түнде және күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Қарағандыда 3 ақпанда түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
3 ақпанда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, ал облыстың шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығындағы жел екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Жезқазғанда 3 ақпанда тұман болады деп күтіледі.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
3 ақпанда Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 3 ақпанда кей уақыттарда тұман түседі деп күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:38, 2 ақпан 2026
Мұсылман қауымына маңызды бүгінгі Бараат түнін қалай өткізген дұрыс
-
22:17, 2 ақпан 2026
Қызылордада Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті
-
21:16, 2 ақпан 2026
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Түркия президенті қабылдады
-
20:55, 2 ақпан 2026
Таразда темір қоршауға қысылып қалған ит құтқарылды
-
20:40, 2 ақпан 2026
Бас прокуратурада cу қауіпсіздігі мәселелері қаралды





