Ауыл жастары мен толық емес отбасы балалары үшін жоғары оқу орындарына түсу квотасының мөлшері өзгертілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квоталары мөлшеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдауға арналған қабылдау квотасының мөлшері:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ауыл жастары қатарынан қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 3% (бұрын 5%);
- кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 3% (бұрын ол 1%).
Бұйрық 2025 жылдың 19 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыру ережелері жаңартылғанын хабарлаған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





