Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі жемқорлық бойынша күдікке ілінді

10:36, 9 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігі департамент директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі Департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Ол аффилиирленген компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартуға күдікті, ол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!