Ауыл халқының Алматыға күн сайын не үшін келетіні анықталды

16:28, 12 желтоқсан 2019

Kazakhstan Urban Conference деген жиындағылар Алматы қаласына Алматы облысына қарайтын көрші өңірлерден күн сайын қанша автокөліктің кіріп-шығатынын санап, жағасын ұстай жаздады. Олар қала сыртында тұратын халықтың Алматыға неге келгіш екенін де айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

– Қалаға күн сайын сырттан 200 мыңнан астам автокөлік кіреді. Кептелістер уақытында олар қаланың көліктік проблемасын ушықтырып, экологияны тастауда. Қалаға жақын тұрған 5 ауданның өзінде-ақ 230 мың автокөлік тіркелген. Облыстан келіп кіретін көліктің 30-40%-ға жуығы өзге өңірдің транзиттік жолаушылары болуы мүмкін. Қазір облыс пен қала әкімдігі Алтын Орда, Талғар және басқа да бағыттарда жолдарды кеңейту жұмыстарымен айналысуда, – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов.

Оның айтуынша, жақын ауылдардағы ел-жұрттың Алматыға жаппай ағылуының себебі де белгілі болып отыр.

– Сараптама жүргізілді. Оның қорытындыларына сай, ол халықтың 16-20% Алматыға оқуға келіп-кетіп жүр. Тағы 30-40% денсаулық сақтау қызметтері үшін келеді. Алайда нормативтер бойынша, Алматы маңайындағы аудандарда бұл қызметке деген сұраныс толық қамтамасыз етіліп қойған. Қалаға ауылда дәрігер жоқ деп келмейді, сапасы жоғарылау мамандардың қызметін алу үшін келеді. Негізі, қалаға кіретін көлікті шектеумен емес, қала сыртындағы тұрғындардың қалаға жиі қатынау қажеттігі болмайтындай жағдай жасаумен айналысу керек. Алматы облысында Алматы қаласына жақын орналасқан елдімекендер тұрғындары үшін сапалы қызмет пен ыңғайлы жағдай жасау жұмыстары жүргізілуде. Алматы шекараларында көпсалалы ірі ауруханалар құрысы туралы мәселе қарастырылуда, – деп атап өтті Жеңіс Тұяқов.

Облыс әкімінің орынбасары сондай-ақ ірі ЖОО-лардың жатақханалары қала сыртына көшірілуі мүмкін екенін қосты, ал жұмыс орындарының көбеюіне байланысты Алматыға жақын тұрған Іле ауданында ірі индустриялық аймақ құрылған.

Кейінірек сөз алған Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдік тарапынан алматылықтарды жалақысы жоғары жұмыстармен қамтамасыз етуге күш салынып, оның ішінде бизнеске жұмыс орындарын ашу жағынан көмек көрсетілетінін айтты.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!