Ауа температурасы -23°C дейін төмендейді: демалыс күндері Қазақстан бойынша ауа райы қандай болады

12:19, 22 қараша 2024

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнге – 2024 жылдың 23-25 ​​қарашасына республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың пайымдауынша, Қазақстанның кей аймақтарында түнде ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

  • солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда -10-18°С дейін,
  • қиыр шығыста – -23°C дейін төмендейді.

Бұл ретте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райына сібір антициклоны әсер етеді. Сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аймақтарда көктайғақ күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі". "Қазгидромет" РМК

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!