Астанада құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр

18:13, 22 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Астанада 6 мыңнан астам адам салымшысы бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 12 адам қамауда.

Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың сегіз талабы сотпен қанағаттандырылды.

"Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан Qurmangazy тұрғын үй кешенін бұзылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!