Атырауды үш күннен бері қою түтін басты: экологтар күкірт сутегінің 11 есе артқанын айтып дабыл қағуда

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Атырауды соңғы үш күннен бері түтін торлап тұр. Қаланы қою қара ыс басқан. Тұншыққан тұрғындар ыстың иісінен есік-терезесін аша алмай, далаға да шығуды қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK телеарнасының ақпаратынша, экологтар ауада күкірт сутегінің 11 есеге көбейгенін айтып дабыл қағып жатыр. Қара түтінге тұншыққан атыраулықтар наразылық білдіріп жатыр.
Қаладағы бұл жағдайға басты себеп — Ақжайық табиғи резерватындағы қамыс өрті. Бірнеше аптадан бері төтеншеліктер бұл аумақтағы өртті өшіре алмай әлек. Мемлекеттің қорғауындағы аумақта үш жерден өрт шыққан. Жалын мыңға жуық гектар жерді алды. Сонымен қатар, экологтар қаладағы өндірістік аумағында күкірт сутегінің шамадан тыс, яғни шекті нормадан 11 есеге асып кеткенін анықтады.
Тұрғындар кәсіпорындар түтінді пайдаланып ауаға лас қалдықтарын да шығарып жатыр деп наразы. Дегенмен Экология департаменті зертхана қорытындысынан кейін ғана нақты айта аламыз деп отыр. Ал бүкіл қаланы көк түтінге тұншықтырған "Ақжайық" резерватындағы өрттің шығуына адами фактор себеп болды дейді мекеме басшылары.
"Өрттің басына барған кезде өрт үш жерден ара қашықтығы 10-15 шақырымда болды. Оған жету өте қиын. Сондықтан ол, меніңше, бүкіл резерваттың пайымдауынша, әдейі, қасақана жасалған әрекет. Қылмыстың бір түрі". Дәурен Есқабылов, "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты мекемесінің директоры
Бұған дейін Ақтөбеде учаскелік инспектордың тұрғындарды өрттен құтқарып қалғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:00, 14 шілде 2025
Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
-
09:36, 14 шілде 2025
Ұлытау облысындағы шенеунік миллиондаған теңгені құмар ойындарға салып жіберген
-
09:25, 14 шілде 2025
Қазақстанға гипсокартон әкелуге тыйым салынды
-
09:16, 14 шілде 2025
Ресей астанасындағы триумф: қазақ театры XVII Чехов фестивалінде көрермендерді баурап алды
-
09:03, 14 шілде 2025
Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысына қашан қоныс аударады