Атырауда үш күнде 800-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

14:57, 21 наурыз 2025

© Фото: Zakon.kz

Атырау қаласында 18-20 наурыз аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегінше, іс-шара барысында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу басты назарға алынды.

"Атырау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері үш күн ішінде профилактикалық есепте тұрған 538 азаматты тұрғылықты жері бойынша тексеріп, барлығы 800-ге жуық құқық бұзушылық дерегін анықтады",- делінген ақпаратта.

Атап айтқанда:

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттердің – 37;
  • Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің – 50;
  • Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілінсіз тұрғынжайдан тыс немесе ойын-сауық орындарында болуының – 66;
  • Қоғамдық орындарда тиісудің – 31;
  • Тыныштықты бұзудың – 29;
  • Кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және оған білім беру бойынша – 12;
  • Ұсақ бұзақылықтың – 11;
  • Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген – 51;
  • Ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың – 75 дерегі тіркелді.

Бұған дейін Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет ететіндігі жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!