Атырауда полицейлер 200-ден астам мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
© Фото: polisia.kz
Кездесулер барысында полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын жан-жақты түсіндіріп, құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты мысалдар арқылы баяндады.
Сонымен қатар оларды алдағы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Мамандардың айтуынша, кей жағдайда жасөспірімдер білместікпен немесе қоршаған ортаның ықпалымен заңға қайшы әрекеттерге жол береді.
Мұндай іс-әрекеттер тек өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты еліміздің заңнамасына сәйкес 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылатыны ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ жиын барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруі жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі екені айтылды. Бұдан бөлек, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – буллинг пен кибербуллинг тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттердің жәбірленушінің психологиялық жағдайына кері әсер ететінін түсіндіріп, заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертті.
Сонымен қатар азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларына назар аудару ұсынылды: құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы мәліметтердің арнайы деректер базасында сақталатыны және бұл болашақта оқу немесе жұмысқа орналасу барысында кері әсер етуі мүмкін екені ескертілді.
Сондай-ақ су айдындарының маңында сақ болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпті әрекеттерден аулақ болу қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, кәмелетке толмағандарға мопед пен скутер басқаруға тыйым салынатыны түсіндірілді. Демалысты қызықты әрі қауіпсіз өткізу – әрбір жасөспірімнің өз жауапкершілігінде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 21 наурыз 2026
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
-
12:59, 21 наурыз 2026
Павлодар облысында полицейлер шетелдік қонақтарға арналған акция өткізді
-
12:42, 21 наурыз 2026
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
-
12:04, 21 наурыз 2026
Ақмола облысында жүргізуші уланған: полицейлер жігітті құтқарды
-
11:49, 21 наурыз 2026
Астана мен Алматыдағы валюта бағамдары – 21 наурыз





