Атырауда есірткі сатпақ болды деген күдікпен Ақтау тұрғыны ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Атырауда полиция қызметкерлері есірткі заттарын сатуды ұйымдастырды деген күдікпен 29 жастағы Ақтау тұрғынын анықтады. Ол қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде ұсталды.
Жалға алған пәтеріне жүргізілген тінту барысында жалпы салмағы 211,84 грамм "Альфа-PVP" есірткі заты салынған 3 zip-пакет пен 40 орама табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды.
Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Айта кету керек, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу, ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер үшін мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 17 желтоқсан 2024
Қазақстандағы түскі саудада доллар қайтадан көтерілді
-
15:45, 17 желтоқсан 2024
Алматы маңында жолдан өтіп бара жатқан ер адамды қағып өлтірді
-
15:35, 17 желтоқсан 2024
БҚО-да мал ұрлығына қатысты екі күдікті ұсталды
-
15:20, 17 желтоқсан 2024
Жұмысты оңай әрі жылдам қайдан табуға болады
-
15:09, 17 желтоқсан 2024
Қазақстанға Гвинея-Бисау президенті келеді