Атырау облысында тұмаудан 2 жүкті әйел көз жұмды
Мұнайлы өңірде тұмау өршіп тұр. Атырау облысында қазан айынан бері, яғни эпидемиологиялық кезең басталғалы облыста 200 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Олардың басым бөлігі жүкті әйелдер.
Қазір мұнайлы өңірде жіті респираторлы вирус пен тұмауға қарсы жаппай егу жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан күні бүгін 2 адам қаза тапты.
Арыстанбек Кенже, тілші
-Жұқпалы дерт әсіресе жүкті әйелдер арасында өршіп тұр. Қазан айынан бері қарай облыста 117 ана ауырып, 13 жан сақтау бөлімдерінде жатыр. Өкінішке орай, 2 жүкті ананы құтқару мүмкін болмаған. Бірақ мамандар: «Ол науқастар тұмаудан емес өкпесіне салқын тигендіктен қаза тапты. Қалған науқастар еліміздегі орталық ауруханаларда ем қабылдауда», – дейді мамандар.
Дина Хамелова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
-Астана қаласына 3 әйелді санавиациямен жібердік. Олар жаман емес 1 әйел шығып келді, баласымен. Алматыда 2 әйелдің бірінің жағдайы жақсы, біреуі әлі сол қалыпты. Ал облыс бойынша 3 әйел жансақтау бөлімінде жатыр.
Ауырып ем іздегеннен, ауырмайтын жол іздеушілер үшін бүгін Атырау облысында тұмауға қарсы жаппай екпе жұмыстары басталды.
Қазір 30 мыңнан астам адамға доза тегін егілген. «Алайда аурудың асқынар шағы алда», – дейді дәрігерлер.
Ерболат Уәйісов, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары
-Осы қазан айының соңғы аптасында аурудың өсуі байқалып отыр. Және алдағы уақытта өседі. Өйткені жіті респираторлы вирус ауруының ең көп тіркелетін кезеңі қаңтар-ақпан айлары. Сондықтан ауру әлі де көбейеді деп күтілуде.
Арыстанбек Кенже, тілші
-Мұнан өзге жұқпалы дерттің таралмауы үшін барлық емдеу орындарында ақылы екпе жүргізу қолға алынуда. Әсіресе мыңдаған адам еңбек ететін ірі компанияларда, жоғары оқу орындарында тұмауға қарсы күресті күшейту жолға қойылған. Алыс аудандармен байланыс күшейтіліп, жүкті аналардың ағзасында қандай да бір өзгеріс байқалса, дереу ауруханаларға жеткізу міндеттеліп отыр.
Авторлары: Арыстанбек Кенже, Әзілхан Уахитов
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





