Атырау облысында пойыз астына түскен қыз аяғынан айырылды

09:04, 18 қаңтар 2018

Атырау облысында теміржол станциясында бойжеткен пойыз астына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақжайық" жергілікті басылымына сілтеме жасап.

"Сағыз теміржол станциясында он тоғыз жастағы қыз белгісіз жағдайда Атырау-Алматы бағдарлы пойызының астына түсіп, аяғынан айырылды. Қазір облыстық аурухана дәрігерлері бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!