ATP 250 Almaty Open финалистері кімдер
© Сурет: ktf.kz
ATP 250 Almaty Open турнирі мәресіне жетуге жақын. Кеше, 19 қазанда жартылай финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлемнің 118-ракеткасы Габриэль Диалло (Канада) ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалында турнирдің төртінші ракеткасы, аргентиналық теннисші Франсиско Серундолоны (31 ATP) ұтты – 6:4, 6:2.
Сурет: ktf.kz
23 жастағы канадалық осы нәтижесінің арқасында дүйсенбіден бастап әлемдік рейтингіде алғаш рет топ-100 қатарына енеді.
Ал әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов жартылай финалда ATP рейтингінде 85-орында тұрған Аустралия өкілі Александр Вукичті 6:7 (3:7), 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Сурет: ktf.kz
Матч 2 сағат 14 минутқа созылды. Хачанов ойын кезінде 15 рет эйс жасап, бір қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Айта кетейік, Almaty Open турнирінің жекелей сындағы финалдық матчтары бүгін, 20 қазанда сағат 15:00-де өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:00, 20 қазан 2024
Алматыда бір қабатты кафе өртеніп жатыр
-
12:41, 20 қазан 2024
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 348 млрд теңге жәрдемақы алды
-
12:17, 20 қазан 2024
Карен Хачанов ATP 250 Almaty Open турнирінің финалында ойнайды
-
11:45, 20 қазан 2024
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: көлікті жалға алған жүргізуші зардап шекті
-
10:10, 20 қазан 2024
Ұлттық ұлан жауынгерлері бір тәулікте үш есірткі таратушыны ұстады