«Атқа байлап, далада сүйреген». Жетісу облысының әкімі Айзат Жұманованың ісі туралы пікір білдірді
© Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 2025 жылғы 12 желтоқсанда ОКҚ брифингінде 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер Айзат Жұманованы күйеуі аса қатыгездікпен өлтірген қылмыстық іске тоқталып, бұл отбасы бұрын тексерілген-тексерілмегенін, күдіктінің шынымен де ықпалды адам болған-болмағанын, әкім немесе депутаттыққа кандидат ретінде тіркеліп-тіркелмегенін сұрады.
Сондай-ақ, неліктен қылмыстық іс әуеліде "Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бабымен тіркелгенін және ауыр күйзеліске түсіп, сөйлей алмай қалған кішкентай қыздың тағдырына әкімдіктің араласып не араласпағанын сұрады.
"Әрине, осындай келеңсіз жайт болды. Қазіргі уақытта, өздеріңіз білетіндей, сот процесі жүріп жатыр. Іс қалай тергелді, күдіктіні қай бап бойынша жауапқа тарту көзделіп отыр – мұның бәрі заң аясында шешілуі керек. Сондықтан тергеу дұрыс жүргізілді ме, жоқ па, бап дұрыс қойылды ма – оған құқықтық баға беруге менің құзыретім де, құқығым да жоқ", - деді әкім.
Ол отбасының бұрын жайлы, еш қиындықсыз өмір сүргенін де айтты.
"Жас жігіт кәсіппен айналысқан, бірақ болар іс болды. Мен нені айта аламын? Жергілікті әкімдік отбасыға – қызға және оның ата-анасына қолдау көрсетеді", - деді Жетісу облысының әкімі.
Еске салайық, 2025 жылғы 17 шілдеде Жетісу облысының тұрғынының қаза тапқаны туралы хабар тарады. Тараған ақпаратқа сәйкес, әйелді аяусыз соққыға жыққан және оны арқанға байлап, далада сүйреген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:01, 25 қаңтар 2026
Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды
-
13:30, 25 қаңтар 2026
Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
-
13:00, 25 қаңтар 2026
Астанада жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды
-
11:05, 25 қаңтар 2026
Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде жеңіске жетті
-
10:31, 25 қаңтар 2026
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті: видео





