Асылхан Асан Олимпиадада бақ сынаған ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы
© Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиадада бақ сынаған ұлттық құрама сапындағы ең жас спортшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз өз өнерін қорытындылап, ол үшін жарыс жолының енді басталғанын айтты.
"Осылайша менің алғашқы қысқы Олимпиада ойындарым да аяқталды.
16 жаста әлемдік додада елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы болу – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Осындай мүмкіндік бұйырғаны үшін Аллаға, отбасыма және командама алғыс айтамын.
Бұл Олимпиада маған айрықша эмоциялар сыйлады: жарыс алдында толқу, адреналин, қуаныш пен мақтаныш. Әрбір секіру мінездің, өзіңмен күрестің және арманыңа жасалған тағы бір қадамның шағын тарихы.
Бұл – 16 жаста болсаң да, әлемнің ең мықты спортшыларымен бір аренада өнер көрсетуге болатынына деген сенім.
Бұл – тек бастамасы ғана. Алда әлі талай белес бар. Елімнің туын көкке көтеру үшін одан да көп еңбек етемін.
Маған сенім артқан барлық бапкерге, командама, федерацияға, мамандарға және отбасыма шексіз алғыс айтамын. Қолдау білдірген барша жанға рақмет. Мен оны сезіндім", – деп жазды спортшы Instagramөпарақшасында.
Айта кетейік, Асылхан Асан Қазақстан құрамасы сапында аралас командалар сайысында жетінші орын алды. Жекелей сында 18-орынға тұрақтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:22, 24 ақпан 2026
Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды
-
19:01, 24 ақпан 2026
Яна Легкодимова ісі: сотталушылардың үкімі өзгеріссіз қалды
-
18:56, 24 ақпан 2026
Бублик Дубайдағы ATP 500 турнирін сәтті бастады
-
18:46, 24 ақпан 2026
Атырау облысында екі бірдей адамды өлтірген күдікті Индонезияда ұсталды
-
18:46, 24 ақпан 2026
ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстады





