Қазақстандағы маусымдық еңбек: жұмыс беруші қандай төлемдер жасауға міндетті
© Фото: Zakon.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Ерлан Исмағұлов 2026 жылғы 11 тамызда өткен брифингте маусымдық және уақытша жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек құқықтары туралы айтып берді.
Ерлан Исмағұлов уақытша немесе маусымдық жұмыстың еңбек құқықтарының да уақытша екенін білдірмейтінін атап өтті.
"Белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер Қазақстанның еңбек заңнамасында көзделген негізгі кепілдіктерді пайдаланады. Маусымдық жұмыс деп климаттық немесе өзге де табиғи жағдайларға байланысты белгілі бір кезеңде – маусым ішінде орындалатын, бірақ бір жылдан аспайтын жұмыстар танылады. Еңбек шартында маусымдық жұмысты орындау шарты мен оның мерзімі міндетті түрде көрсетілуі керек. Маңызды кепілдіктердің бірі – маусымдық жұмысқа еңбек шарты жасалған кезде сынақ мерзімі белгіленбейді", – деді спикер.
Оның айтуынша, маусымдық және уақытша жұмыс істейтін қызметкерлер жалақыны уақтылы әрі толық алуға, қауіпсіз еңбек жағдайларына, белгіленген жұмыс және демалыс уақытына, әлеуметтік кепілдіктерге және еңбек құқықтарын қорғауға құқылы.
"Жұмыстың ұзақтығына қарамастан, жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жалақыны уақытылы төлеуге және заңда көзделген барлық кепілдіктерді беруге міндетті. Еңбек қатынастары тоқтатылған кезде пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны қоса алғанда, барлық түпкілікті төлем жасалуы керек", – деп атап өтті Ерлан Исмагулов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





