Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев құрылтай сайлауында дауыс берді
© Сурет: Қызылорда облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2026 жылғы 23 тамызда облыс әкімі Мұрат Ергешбаев "Құзыреттілік орталығындағы" №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Ол тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын.
Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді. Бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауы – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жаңа бағдарын айқындайтын тарихи оқиға.
Жаңа Құрылтай Парламенттік жүйенің тарихи сабақтастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді. Сыр жұртшылығы еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Қызылорда облысында 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 132 учаске бар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:16, 23 тамыз 2026
Астанада Құрылтай сайлауы қалай өтіп жатыр – фоторепортаж
-
17:59, 23 тамыз 2026
Михаил Шайдоров, Шавкат Рахмонов, Назым Қызайбай және басқа спортшылар Құрылтай сайлауында дауыс берді
-
17:43, 23 тамыз 2026
Бибігүл Төлегенова, Айжан Нұрмағамбетова және басқа танымал тұлғалар сайлауда дауыс берді
-
17:36, 23 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті
-
17:10, 23 тамыз 2026
Астаналықтар азаматтық таңдауын отбасымен бірге жасап жатыр









